+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Қазақстанның өсімдік майы қай елдерде сұранысқа ие

2019 жылғы 5 қараша 13:51
Бөлісіңіз:
Қазақстанның өсімдік майы қай елдерде сұранысқа ие

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қазақстан бүгінде өсімдік майын қай елдерге экспорттап жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауын іске асыру: инвестиция және мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі Төлеутай Рақымбеков ауыл шаруашылығындағы ғылымды дамытудың жолын атады Жамбылда биыл қызылша жинаудан рекордтық көрсеткіш тіркелді

«2016 жылмен салыстырғанда 2018 жылы отандық өсімдік майы экспорты 2,8 есеге, маргарин өнімі 42 пайызға артты. Күнбағыс майы көбіне Қытайға, Тәжікстанға, Өзбекстанға, Қырғызстанға экспортталады. Рапс пен зығыр майын негізінен Қытай, ал соя майын Өзбекстан сатып алады», - деді министр елордадағы «KazOil – 2019» III Халықаралық конференциясында.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде майлы дақылдарға қатысты әлеуетті кеңейтуге екпін қойылып отыр. Осы орайда биыл министрлік пен СҚО әкімдігі «Солтүстік соясы» бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, екі жылда Қазақстан майлы дақылдарды толықтай өңдеу деңгейіне шығуды жоспарлап отыр.

«Дәстүрлі астық егістерін өсірумен қатар, Қазақстан майлы дақылдарды өндіруді арттырып келеді. Өсімдік шаруашылығын әртараптандыруға бағытталған мемлекет саясаты майлы дақылдар егіс алқаптарын арттыруға елеулі әсер етті. Егер 2009 жылы майлы дақылдар егістері 1,2 млн гектар болса, 2019 жылы 2,9 млн гектарға жетті», - деді министр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауыл шаруашылығы, ҚР АШМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT