Қазақстанның орталығында және солтүстігінде демалыс күндері ауа температурасы 3 градусқа дейін суытады - Қазгидромет

None
None
СТАНА. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат - Қазгидромет демалыс күндері Қазақстанның солтүстік және орталық аймақтарында ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендейтіндігін ескертеді.

«Мамырдың 9-11-і күндері түнде Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және мамырдың 10-11-і күндері түнде Қарағанды облыстарында ауа температурасының 0-3 градусқа дейін суытуы күтілуде», делінген хабарламада.

Сонымен қатар мамырдың 9-11-і күндері Павлодар, ал мамырдың 10-11-і күндері Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде қар аралас жаңбыр жауып, ауа температурасы -3 градусқа дейін суытады.

Мамырдың 8-і, сенбі күні Қазақстанның басым аумағында күн күркіреп, жаңбыр себелейді және екпінді жел соғады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодарда, түнде Шығыс Қазақстанда, ал таңертең және күндіз Қостанай облыстарының кейбір жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді деп күтілуде, ал Ақтөбе облысында топырақты дауыл соғады.

Сондай-ақ синоптиктер таяу төрт күнде Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарының кейбір өзендерінде жаңбырдың мол түсуіне орай су деңгейі көтерілетіндігін хабарлайды.

Соңғы жаңалықтар