Қазақстанның оңтүстік-шығысында құны 1,9 миллиард доллар болатын жел паркі салынады

2022 жылғы 30 қараша, 17:40
Қазақстанның оңтүстік-шығысында құны 1,9 миллиард доллар болатын жел паркі салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына», «ҚазМұнайГаз» және Францияның Total Eren компаниясы Қазақстанның оңтүстік-шығысында жел паркін салады, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігі арасында Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу мәселелері туралы Үкіметаралық келісімге қол қойылды.

Қол қою рәсіміне Мемлекет басшысы қатысты.

Жел электр станциясы 2026-2027 жылдары пайдалануға беріледі, бұл біздің еліміздегі ЖЭК нысандарының жиынтық энергия өндірісін шамамен 50 пайызға арттырады.

Жобаның болжамды құны – 1,9 миллиард доллар.

Қазақстанда алғаш рет жел электр станциясы электр қуатын жинақтау жүйесімен толықтырылады. Бұл жобаны бірегейлігін көрсетеді.

Аталған бастама жаңартылатын энергия өндірісінің табиғи құбылмалылығын реттеуге, артық электр энергиясын жинақтауға және энергия желісінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Фото: akorda.kz

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar