Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңірінде жел күшейіп, бұрқасын соғады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады, оңтүстік-шығыс өңірде және батыста екпінді жел мен бұрқасын болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Жамбыл, Алматы облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Соңғы жаңалықтар