Қазақстанның оңтүстік өңірін отандық газбен тұтастай қамту мүмкіндігі бар - К. Мәсімов

None
None
ТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстанның оңтүстік өңірін отандық газбен тұтастай қамту мүмкіндігі бар.

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылау барысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті.

«Қазақстанның батысынан оңтүстікке қарай газ құбырын тартуды қаржыландыруға қатысты мәселе бүгінгі күні шешімін тапты. Құрылыстың бірінші кезеңі де басталып кетті. Яғни, Қазақстанның оңтүстік өңірінде өзіміздің отандық газды тұтынуға толық мүмкіндік бар. Ал, мұның өзі осы өңірді энергиямен қамтамасыз етудің инфрақұрылымын өзгертеді, сондай-ақ индустриялық жаңа нысандар салуға септігін тигізеді», - деді К. Мәсімов.

Сонымен қатар Премьер-Министр Алматы қаласымен қоса елдің оңтүстігін тұтастай отандық газбен қамтамасыз етудің күн тәртібіндегі өзекті мәселе екенін атап өтті. «Осыған қатысты Экономикалық даму және сауда министрлігіне және Қаржы министрлігіне арнайы тапсырмалар бердім. Аталған өңірді газбен толық қамтамасыз ету егжей-тегжейлі зерделеніп, тиісті құжаттар әзірленеді. Осы мәселені Үкіметте талқылап, қажетті қолдауға ие болу үшін Парламентке де келетін боламыз», - деді К. Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар