+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Қазақстанның оңтүстігінен мұнай белгісі табылды

2019 жылғы 18 қараша 21:16
Бөлісіңіз:
Қазақстанның оңтүстігінен мұнай белгісі табылды

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Түркістан облысында Үлкен Қаратаудағы Шоқпақ учаскесінде палеозой жыныстарынан мұнай белгілері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда тағы 5 мұнай бассейні зерттеледі Биыл Қазақстанда 90 млн тоннадан астам мұнай өндіріледі Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша мұнай өндіруді қосымша қысқартуды қолдады

«Арнаулы экспедиция боксит, онымен қоса қорғасын, мырыш және сирек кездесетін басқа да заттарды табу үшін Үлкен Қаратаудың Леонтьев ойысындағы геофизикалық түзілімдерді зерттеген. Ол үшін 300 метрге дейінгі ұңғымалар қазылған. Бұрғыланған 39 ұңғыманың он бірінен қоңыр түсті сұйық мұнай табылған. Бұдан тыс, бұрғылау кезінде мұнай қабыршақтары бөлініп шықты», - делінген хабарламада.

Шоқпақтағы мұнай белгілері - Қазақстан тауларынан табылған алғашқы мұнай әрі Сырдария, Шу-Сарысу ойпаттарынан мұнай және газды іздеу үшін аса маңызды.

Бұған дейін Шу-Сарысу ойпатында бірнеше ұсақ газ кені табылған. Олардың ең ірілері – Амангелді және Придорожное кендері. Енді Сырдария, Шу-Сарысу ойпаттарынан мұнай іздеудің өзектілігі арта түсті.

Учаскелерді барлау және бұрғылау жалғасады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT