Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы төмендейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты республиканың төрт өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

23 қыркүйек күні Атырау облысы мен Атырауда күн күркіреп, солтүстік шығыс, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

23-25 қыркүйек аралығында Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік шығыстан жел тұрып, оның ұйытқуы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады, соңы шаңды дауылға ұласады.

24 қыркүйекте Алматы облысында жаңбыр жауады, таулы аудандарда - жауын жауып, оның соңы қарға ұласады, желдің ұйытқуы 15-20 м/с.

24-26 қыркүйек аралығында түнде ауа температурасы 3-8 градусқа дейін төмендеп, кей жерлерде - 3 градустық қатқақ болуы ықтимал.

24-25 қыркүйек аралығында Жамбыл облысында желдің ұйытқуы 15-20, екпіні 23 м/с, түнде ауа температурасы 3-8 градус жылы болады. Кей жерлерде -3 градустық қатқақ болуы ықтимал, күндіз ауа температурасы 15-20 градус, кей жерлерде 12 градус жылы болуы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар