12:02, 17 Шілде 2019 | GMT +6
Қазақстанның оңтүстігінде 45 градусқа дейін ыстық болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Республиканың оңтүстік өңірінде қатты ыстық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазгидрометтің хабарлауынша, Ираннан жылжыған ыстық ауа ағындарына байланысты республиканың оңтүстік облыстарында 35-40 градус ыстық пен елдің оңтүстігінің кей аумақтарында 45°С дейін ыстық сақталады.
Ал Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарына Оралдан жылжыған салқын әрі ылғалды ауа әсер етеді. Нәтижесінде ыстық басылып, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.