Қазақстанның өкілі Өзбекстанмен бірлескен «Сырдария» шаруашылығына ротацияланады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы 32 жыл бойы Сырдария бассейіндік шаруашылық бірлестігін Өзбекстан өкілі басқарып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Редакция сауалына берген жауапта Экология, геология және табиғи ресрустар министрлігі бұл мәліметте растады.

«2018 жылы Түркменбашы қаласында өткен Халықарылық Аралды құтқару қорының Саммитінде Президенттер көтерген бастамаларды орындау мақсатында ХАҚҚ атқарушы комитеті ХАҚҚ институционалдық-құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі өңірлік жұмыс тобын құрды. Жұмыс тобының шеңберінде қазақстандық тарап «Сырдария» және «Әмудария» бассейндік су шаруашылығы бірлестіктерінің персоналын интернационалдандыру және басшыларын ротациялау мәселесіне бастамашылық жасады. Жұмыс тобының кезекті отырыстарында бұл мәселені Қазақстан тарапы көтеретін болады», - дейді вице-министр Серік Қожаниязов.

Қазақстан тарабы бұл мәселені Халықарылық Аралды құтқару қорының аясында да, аталмыш нысандар орналасқан Өзбекстан билігімен келіссөздер аясында да талқылап, нақты ұсыныстар көтеріп жүр.

«Шынымен де Сырдария бассейіндік шаруашылық бірлестігін Өзбекстан өкілі 32 жыл басқарып келе жатыр. Бұл мәселе жөнінде осы уақытқа дейін Мемлекетаралық үйлестіруші сушаруашылығы комиссия отырыстары аясында және өзбек тарапымен екі жақты кездесулер барысында бірнеше рет көтерілді. Қазіргі уақытта екі елдің министрлері арасында Қазақстан Республикасының өкілдерін «Сырдария» БСБ басшысының орынбасары, су бөлу және су теңгерімдері басқармасының су пайдалану бөлімінің бастығы, Гүлістан су тораптары және «Достық» каналы басқармасы бастығының орынбасары лауазымдарына тағайындау бойынша уағдаластықтарға қол жеткізді», - делінген жауапта.


Соңғы жаңалықтар