Қазақстанның Норвегиядағы елшілігінде тұңғыш рет жас жұбайлардың некесі қиылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - Қазақстанның Норвегиядағы елшілігінде ерекше салтанатты шара өтті. Шетелде білім алып жатқан қазақстандық екі студент мұнда некелерін қиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Embassy of Kazakhstan in Norway сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, мұнай шаралар әдетте дипломатиялық өкілдіктерде ұйымдастырылмайды. Дегенмен осы жолы некелерін Норвегияның Оңтүстік-Шығыс университетінің докторанты Елжас Жақсылық пен Испанияның Gijon университетінің магистранты Әсел Елубаева қиды. Жас жұбайлар Алматыдағы Қазақ-Британ Техникалық университетінде бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алып жүрген кезде танысқан. Қуанышты жаңалықты бөлісу үшін Қазақстаннан Норвегия астанасына жас жұбайлардың достары да келді. Олар неке қию кезінде куәгер болды.

Жас отбасына неке туралы куәлікті Қазақстанның Норвегиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Еркін Ақынжанов табыстады.

Айта кететін жағдай, Ослода Қазақстан елшісіне әлі Норвегия Королі Харальд V сенім грамотасын тапсыру керек. Е.Ақынжанов жаңа отау құрған жастарға зор бақыт тілеп, өздері қалағандай білім алуларына және жұмыстарының сәтті болуына тілектестігін білдірді.

null

Неке қиылғаны туралы мемлекеттік тіркеуді Елшіліктің консулдық бөлімі жүзеге асырды.

«Жас жұбайлар консулдық өкілдеріне бір ай бұрын қажетті құжаттарын алып келіп, өтініш білдірді. Бұл біздің елшілігіміздің тарихында алғаш болып отырған жағдай. Әрине, бұл дипломатиялық өкілдік үшін қуанышты оқиға»-деді елшіліктің Консулы Азат Мәтенов.

«Некені тіркеу еліміздің азаматтарына біздің консулдық қызмет тарапынан көрсетілетін көптеген қызметтердің бірі. Қазақстанның бүкіл әлемдегі консулдықтарында туу туралы, қайтып келу туралы куәліктер беріледі және құжатты рәсімдеу, қазақстандық азаматтықты қабылдау мен қалпына келтіру жұмыстарына көмек көрсетіледі. Сондай-ақ талап етілген құжаттардың жеткізілуіне ықпал ету, құжаттарды заңдастыруға қолғабыс етіп, заңдық тұрғыда түрлі анықтамалар беріледі. Аталған жұмыстармен қатар өзге де көптеген шаралар ұйымдастырылады және консулдық-құқықтық көмек көрсетіледі»,-делінген хабарламада.

А.Мәтеновтың сөзінше, осы кезде Қазақстанның Норвегиядағы елшілігінің консулдық есебінде еліміздің 119 азаматы тұр. Олардың басым бөлігі мұнай компанияларында жұмыс істейді. Осыған қарай олардың көпшілігі мұнай өндіру, оны қайта өңдеу, мұнай өңдеу жобаларын сервистік қолдау бойынша біліктілігі жоғары мамандар болып табылады.

null

«Олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және Норвегияға қысқа мерзімді сапармен келген Қазақстан азаматтарына қолдау көрсету біздің қызметіміздің басым бағыты»,-дейді елшілік өкілдері.

Соңғы жаңалықтар