Қазақстанның негізгі стратегиялық құжаттары қандай

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров еліміздің негізгі стратегиялық құжаттары жайлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрақты даму мақсаттары 100 пайыз орындалмай қалатын сияқты. Бірақ, біз олардың әсерін барынша арттыруымыз қажет. Және де бұл жұмыс үнемі жүргізіледі. Тұрақты даму мақсаттарын қабылдағанға дейін де бізде осындай көрсеткіш болды. Қазақстан - дамудың ұзақмерзімді межесі бар әлемдегі бірнеше елдің бірі. 2012 жылдың өзінде біз 2050 жылға дейінгі стратегия қабылдадық. Биыл Президент жаңа құжатқа – 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығы стратегиясына қол қойды әрі ұзамерзімді межеміздің көкжиегі кемінде 10 жылға кеңейді», - деді министр Астана халықаралық форумында.

Ол елімізде тұрақты даму мақсаттарына айрықща назар аударылып отырғанын баса айтты.

«Жасыл экономика, гендерлік теңдікке қатысты күн тәртібіміз бар. Біз бұл салалардың бәріне айрықша мән береміз. Үйлестіру кеңесі жұмысының арқасында барлығын да жүйелі негізде жасап отырмыз. Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға қатысты кез келген пікірталасқа қатысамыз. Өйткені, олар экономикамызбен, әлеуметтік мәселелермен, инфрақұрылыммен және қоршаған ортамен тығыз байланысты», - деді Әлібек Қуантыров.


Соңғы жаңалықтар