+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Қазақстанның ММА спортшылары Әлем чемпионатында 12 медаль алды

2021 жылғы 4 тамыз 21:07
Бөлісіңіз:
Қазақстанның ММА спортшылары Әлем чемпионатында 12 медаль алды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанның ММА спортшылары жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында бір алтын, үш күміс және сегіз қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында ат спорты түрлерінен чемпионат өтті Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» қатарынан төртінші ойында жеңілді Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингілердегі орны

Жарыс Болгария астанасында 14-15 және 16-17 жас аралығындағы спортшылар арасында өтті. Оған 23 елден 300-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан намысын 29 спортшы қорғады.

«Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша қазақстандық команданың есебінде бір алтын, үш күміс және сегіз қола жүлде бар. Бұл ретте тоғыз медальді қыз балалар жеңіп алды. Жалғыз «алтынды» Батыс Қазақстан облысынан Райяна Ақдәулетова алды», - деп мәлім етті Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасынан.

Қарағандылық спортшылар арасында Игорь Ахматов пен Никита Лямин Әлем чемпионатының «қоласына» ие болды.

«Қарағанды облысы ММА федерациясының жас өкілдері ең жоғары халықаралық деңгейде лайықты өнер көрсеткеніне қуаныштымыз. Никита Лямин аралас жекпе-жекпен екі жылдан аз уақыт айналысып келеді. Дегенмен, қазірдің өзінде осындай нәтиже көрсетті. Жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері – әзірге оның ең жоғары марапаты.

Игорь Ахматов тәжірибелі күрескер. Ол қазірдің өзінде беделді халықаралық біріншіліктерде, бірақ күштік жекпе-жектің басқа түрлері бойынша марапаттарға ие болған. ММА бойынша Әлем чемпионатында Игорь төрт жекпе-жек өткізді. Соңғысында төрешілер шешімімен қарсыласына есе жіберіп алды», – деді Қарағанды облысы ММА федерациясының басшысы Владимир Абросимов.

Жаттықтырушы балалардың жеңіске деген ұмтылысын атап өтті және олардың тәлімгерлеріне жақсы дайындықтары үшін алғыс айтты.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT