Қазақстанның мемлекеттік қарызы 26,6 млрд. долларды құрайды

2016 жылғы 19 мамыр, 12:40
Қазақстанның мемлекеттік қарызы 26,6 млрд. долларды құрайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның мемлекеттік қарызы 26,6 млрд. долларды құрайды. Бүгін Парламент Мәжілісінде 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін таныстырған ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлім етті.

«2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 9 трлн. 22 млрд. теңгені құрап отыр. Бұл АҚШ долларына шаққанда 26,6 млрд. долларды құрап, ІЖӨ 21,6 пайызына тең. Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі жөніндегі 2015-2016 жылғы есебіне сәйкес, Қазақстан «Мемлекеттік қарыз» индексі бойынша 140 мемлекеттің арасында 12-ші орынға ие болып отыр», - деді Б. Сұлтанов.

Оның сөзіне қарағанда, борыштық жүктемелер де елімізде бұрынғыдай қауіпсіз деңгейде тұр. «Борыштарды қайтарудың кірістерге арақатынасы 10 пайыздан төмен, бұл ретте шекті деңгей 15 пайыз болып табылады», - деді министр.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar