Қазақстанның машинажасаушылар одағы елдің ДСҰ-ына кіруіне әзірлік жасады (ФОТО)
2015 жылғы 23 маусым 17:58

Қазақстанның машинажасаушылар одағы елдің ДСҰ-ына кіруіне әзірлік жасады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада «Қазақстанның машинажасаушылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігі қатысушыларының жалпы жиналысы болып өтті. Оның барысында ұйымның ішкі ережелеріне түзетулер енгізілді.

Қазақстанның машинажасаушылар одағы қызметіне түзетулер енгізу қажеттілігіне ҚР заңнамасындағы өзгерістер мен Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі себеп болды, себебі осының барлығы машинажасау кәсіпорындары үшін жаңа мүмкіндіктер тудырып, тың әрекеттерге үндеп отыр.

«Шара «ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы» туралы заңына сәйкес машинажасау саласының функциялары енді одан Қазақстанның машинажасаушылар одағына тапсырылуына байланысты өткізіліп отыр. Бүгінде біздің мақсатымыз - ірі-шағын кәсіпорындар қамтылған бүкіл машинажасау саласын, Қазақстанның бүкіл бизнес қауымдастығын нығайту үшін ережелерімізге өзгерістер енгізу. Бүгінде бізде 1500-нан астам кәсіпорын бар, соның ішінде 30 пайызы - шағын және орта бизнес саласы. Біздің міндетіміз - ірі машинажасау кәсіпорындарының айналасында шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау мүмкіндігін тудыру», - деді Қазақстанның машинажасаушылар одағы басқармасының төрағасы Мейрам Пішембаев.

Қазақстанның машинажасаушылар одағы қатысушыларының жалпы жиналысының барысында ұйым жарғысындағы қосымшалар мен өзгерістер қарастырылып, үйлестіру және бақылау кеңестерінің, басқарма және ревизиялық комиссияның құрамы анықталды.

2

3

4

Jańalyqtar

MURAǴAT