Қазақстанның машина жасаушыларының форумы елордада қыркүйек айында өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада қыркүйек айында Қазақстан машина жасаушыларының форумы мен машина жасау мен металл өңдеу бойынша бірінші халықаралық мамандандырылған көрме өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

2020 жылдың 17-18 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан машина жасаушыларының VIII форумы өтеді. Форум аясында 2020 жылдың 16-18 қыркүйегі аралығында ЭКСПО халықаралық көрме орталығында машина жасау және металл өңдеу бойынша бірінші халықаралық мамандандырылған «Kazakhstan Machinery Fair 2020» көрмесі өтеді.

Форумды Қазақстан Республикасы Үкіметі және «Атамекен» ҚР ҰКП қолдауымен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан машина жасаушылар одағы мен «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы ұйымдастырады.

Форумға 1 мыңнан астам делегат, жетекші қазақстандық және шетелдік машина жасау кәсіпорындарының басшылары, орталық мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор, даму институттары, бизнес қауымдастықтар және машина жасау өнімдерінің ірі тұтынушылары қатысады деп күтілуде.

Форум мен көрме өндірілетін өнімді таныстыру, бизнес мәселелерін шешу, сондай-ақ әлеуетті серіктестермен және тұтынушылармен жеке байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Еске сала кетсек, 2019 жылғы форум «Машина жасау – Қазақстанды индустрияландыру драйвері» ұранымен өткен болатын.


Соңғы жаңалықтар