Қазақстанның Малайзиядағы елшісі тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Бәриұлы Иманбаев Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Сондай-ақ, Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Фото: www.assembly.spb.ru

Соңғы жаңалықтар