Қазақстанның Қытай мен Моңғолиядағы елшілері тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның екі елдегі елшісі тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жсап.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Осыған қарай, Мемлекет басшысының Жарлығымен Жалғас Жұмаұлы Әділбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Шахрат Нұрышев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.



Соңғы жаңалықтар