Қазақстанның құқық қорғау жүйесіндегі реформалары,елдің демократиялық дамуының көрсеткіші - Түркия Бас прокуроры

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 23 мамыр. ҚазАқпарат - Түркия Республикасының Бас прокуроры Хасан Эрбиль Анкарадағы Қазақстан Елшілігінде хаттамалық сапармен болып, ҚР Елшісі Жансейіт Түймебаевпен кездесті.

Кездесу барысында құқық қорғау саласында ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Ж.Түймебаев Қазақстандағы құқық қорғау саласындағы соңғы өзгерістер жөнінде хабардар етіп, екі ел прокуратура органдарының тікелей әрекеттестігінің маңыздылығын баса айтты.

Өз кезегінде ТР Бас прокуроры Х.Эрбиль Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы құқық қорғау саласындағы жетістіктерін жоғары бағалап, Түркияның ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігін білдірді.

«Қазақстанның құқық қорғау жүйесіндегі өткізілген реформалары, елдің демократиялық дамуының көрсеткіші болып табылады», - деді Х.Эрбиль.

ТР Бас прокуроры өзінің 2011 жылы қараша айында өткен Қазақстанға сапарының сәтті ұйымдастырылғаны үшін алғыс білдіріп, бұл орайда қазақстандық әріптесі- ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаевты да жауапты сапармен Түркияға шақырған болатын.

Тараптар құқықтық салада тәжірибе алмасу, кадрлар даярлау сияқты екіжақты ынтымақтастықтың үдемелі дамуын атап өтті.

Осы уақытқа дейін Түркия Республикасының Әділет академиясында түрлі бағдарламалар бойынша Қазақстанның 200-ден астам сот, прокуратура және әділет органдарының өкілдері оқытылды.

Кездесу соңында Х.Эрбиль Елшіліктің жұмысымен танысып, құрметті қонақтар кітабына қол қойды, сондай-ақ дипмиссияның мұражайы мен «Қазақстан-Түркия қатынастары» атты тұрақты фотокөрмесін тамашалады.

Соңғы жаңалықтар