Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау саласында проблемалар бар және олар министрліктің назарында - вице министр

None
None
АСТАНА. Маусымның 26-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Қазақстанның ұлттық ядролық орталығы бүгін арнайы бекітілген бағдарлама бойынша ядролық және техникалық зерттеулер жүргізуде.

 Осыған орай зерттеушілер бұрын қауіпсіз деп келген, радиоактивтілігі өте жоғары аймақтарды анықтап отыр. Яғни, еліміздегі кейбір полигондардан гептилмен залалданған аймақтар да табылуда. Бұл туралы бүгін  НАТО-ның «Роуз Рот» Парламенттік Ассамблеясының 71- ші семинарында Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Мәжит Тұрмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, елімізде радиоактивті өзендер де бар және онда адамдар тіпті ластанған суға да түсіп, балық аулап та жүр. Сонымен қатар бізде радиоактивті радонның да проблемасы бар. «Бұл  Қазақстанда бұрын-соңды зерттелмеген. Ал шет мемлекеттерде бұл мәселеге миллиардтаған қаржы жұмсалатынын біз жақсы білеміз. Сондықтан одан келетін қауіп-қатердің де бар екендігін біз жасырмаймыз. Біз бұл проблемалармен жұмыс істеуіміз керек және істейміз де», - деді министрдің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар