Қазақстанның Қорғаныс министрі Ресей қорғаныс ведомствосының басшысымен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыртқы істер министрлері кеңесінің, қорғаныс министрлері кеңесі мен ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің бірлескен отырысын өткізу аясында ҚР Қорғаныс министрлігінде ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Ресей Федерациясы қорғаныс ведомствосының басшысы Сергей Шойгу кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында екіжақты әскери ынтымақтастықтың ағымдағы және перспективалық бағыттары талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2019-2021 жылдарға арналған әскери салада Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы стратегиялық серіктестік бағдарламасына, сондай-ақ екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы 2019 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды.

Соңғы жаңалықтар