Қазақстанның көптеген өңірлерін тұман басады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -9 қарашада Қазақстан аумағының көптеген бөлігінде фронтальдық ағындардың өтуіне байланысты кейбір жерлерде жауын-шашын, тұман түсіп көктайғақ болады, желдің күшеюі күтілуде, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Жамбыл облысының кейбір жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысында кейбір жерлерде тұман болып, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қостанай облысының кейбір жерлерінде тұман, көктайғақ болады деп болжануда, таңертең және күндіз жел екпіні 18 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кейбір жерлерінде көктайғақ болып, 15-20 м/с жел тұрады.

Қарағанды облысының кейбір жерлерінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақмола, Алматы, Ақтөбе облыстарының кейбір жерлерінде тұман, көктайғақ болады деп күтілуде.

Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, күндіз Павлодар облыстарының кейбір жерлерінде тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар