Қазақстанның көптеген қаласында ауа сапасы нашарлайды
2022 жылғы 24 ақпан 03:15

Қазақстанның көптеген қаласында ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бейсенбі Қазақстанның көптеген қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

24 ақпанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Нұр-Cұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау және Шымкент қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT