НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 23 қаңтарда еліміз қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2022 жылғы 23 қаңтарда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Петропавл және Павлодар (1-дәрежелі), Өскемен (2-дәрежелі), Семей (2-дәрежелі), Риддер (2-дәрежелі) қалаларында күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.