Қазақстанның көппәтерлі үйлерінде жеке басқару органдары құрылуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда әрбір көппәтерлі тұрғын үйдің жеке басқару органын құру ұсынысы талқыланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әр үйдің өз басқару органын құруды ұсынып отырмыз. Оның қандай формада болатынын әзірге айта алмаймын. Мұнда әрбір бірлестік өз төрағасын таңдайды. Әрине, бірлестікте төрағаның қызметін қадағалайтын кеңес құрылады және қызмет көрсететін компаниялармен келісім орнатылады», - деді «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Тұрғын үй шаруашылығы департаментінің директоры Мәдина Мурсакина Астанада өткен «ТКШ-ЭКСПО 2017» халықаралық форумында.

«Үй тұрғындары арасынан төраға табылмаған жағдайда, әрине, басқару органы сырттан үйді басқару жұмыстарымен айналысатын жеке тұлғаны немесе басқарушы ұйымды жалдай алады», - деп өз сөзін толықтырды сарапшы.

Оның айтуынша, сарапшылар қолданыстағы заңнамадағы басқару формаларын қайта қарайды.

«Басқару органдарының қызметін реттеу қорытындысы бойынша, ортақ басқару нысандарын тіркеуді қамсыздандыруымыз қажет. Бүгінде тіркеу көрсеткіші өте төмен, 21 мың үй ғана тіркелген. Осы орайда «бір үй - бір бірлестік және бір есепшот» ұстанымыз енгізгіміз келеді. Яғни, әр үйдің өз ағымдық және жинақтық шоты болады», - дейді сарапшы.

Айта кетейік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қордаланып қалған мәселелерді шешу мақсатында Үкімет биыл тұрғын үй қатынастарын жетілдіру бойынша ауқымды реформаны бастады. Реформалау аясында Инвестициялар және даму министрлігі жанынан жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобына пәтер иелері кооперавтиві қауымдастықтарының, өңірлер мен түрлі мекемелердің және басқарушы компаниялардың сарапшылары енді.

 

Соңғы жаңалықтар