Қазақстанның копенгагендік бастамасы

None
None
ОПЕНГАГЕН. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат /Бела Құдайбергенова/ - Копенгагенде ЕҚЫҰ-ның XX мерейтойлық конференциясына Қазақстан адам және сайлау құқығы саласында бастама көтерді.

Конференцияға іс жүзінде Ұйымның барлық 56 мемлекетінің өкілдері қатысты. Сонымен қатар оның ішінде ҚР-сынан өкілетті делегация да бар: Қазақстан халқы Ассамблеясы, Парламент Сенатымен Мәжілісі, қоғамдық және мемлекеттік ұйымдардың өкілдері.

Форумның тең төрағалары Қазақстан Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев пен Данияның вице-премьері Лен Эсперсон Копенгаген уағдаластығының мызғымастығын және өзектілігін атап өтті. Олардың пікірінше, демократиялық құндылықтың өзіне тән кодексі қоғамның гүлденуі, уақтылы дамуы және тіршілігінің басты әрі қажетті шарты.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы Копенгаген құжатының одан әрі жүзеге асуы үшін ерекше құндылыққа ие, өйткені бұл оқиға XXІ ғасырдағы демократиялық құндылықтардың елдердің шекараларына және құрлықтарға тәуелді еместігін білдіретін геосаяси қозғалыстың шынайы индикаторы бола білді.

Конференцияда әділ сайлау, адал сот, сөз бостандығы, діни сенім, көші-қон, заңның үстемдігі сынды тақырыптар талқыланды. Делегаттардың пікірінше, проблемаларды шешу мемлекеттердің және азаматтық қоғамдардың біріккен күш-жігері ашықтығында жатыр.

Белгілі бір құжаттарға қол қойылды. Бірқатар мәселелер ағымдағы жылы Астанада өтетін мемлекет басшылары саммитінің талқылауына енгізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар