Қазақстанның көмірін қай елдер тұтынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың 8 айында экспортталған 19 млн тонна көмірдің 13 млн тоннасы Ресей асқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетінің қара металлургия басқармасының басшысы Жанат Игісінов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай дерек келтірді.

«Біздің көмір негізі бірнеше елге шығарылады. Сегіз айдың деректеріне қарасақ, Ресейге 13 млн тоннадай көмір жөнелтілді. Онда жіберілген көмір негізінен энергетика саласында қолданылады. Оны «Богатыр», «Восточный разрез», «Арселор Миттал», «Қазақмыс», «Қаражыра» және т.б. компаниялар жеткізді. Беларусь еліне жөнелтілген көмірдің мөлшері – 697 мың тонна. Украинаға жіберілген көмірдің мөлшері – 574 мың тонна. Қырғызстанға асырылған көмірдің мөлшері – 661 мың тонна. Өзбекстанға жөнелтілген көмірдің мөлшері – 568 мың тонна, - деді министрлік өкілі.

Оның айтуына қарағанда, Қазақстан көмірі Қытайға да жөнелтілген. Оның мөлшері – 84 мың тонна.

«Еуропа мемлекеттеріне де көмір жеткізіледі. Атап айтсақ, Польша, Латвия, Скандинавия елдеріне шашамен 3,8 млн тонна көмір экспортталды. Жалпы экспорттың көлемі 8 айдың ішінде 19 млн 411 тонна болды. Экспортталатын көмірдің сапасы қажеттілігіне қарай әртүрлі. Мысалы, Ресейге энергетикаға қажет көмір жөнелтілді. Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан елдеріне жіберілген көмір энергетика саласымен қоса цемент зауыттарында қолданылады. Ал Еуропа мемлекеттерінде ол көмірден басқа да бұйымдар шығарылады», - деді Жанат Игісінов.


Соңғы жаңалықтар