кеше 16:52 Президентке Бурабай, Марқакөл, Ортекенің ЮНЕСКО тізіміне енгенін растайтын сертификаттар табысталды АСТАНА. ҚазАқпарат – ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азуле Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Бурабай» және «Марқакөл» қорықтарының биосфералық резерваттардың жаһандық желісіне қосылғанын, сондай-ақ «Ортеке» музыкалық-қуыршақ өнерінің ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгенін растайтын сертификаттарды табыстады. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
кеше 16:46 Тоқаев Ясауи кесенесіне сапарлаған ЮНЕСКО-ның бас директорына алғыс білдірді АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЮНЕСКО-ның бас директоры Одрэ Азулені қабылдады. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
кеше 16:37 Ішкі туризм: Жамбыл облысында қайда баруға болады ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының туристік әлеуеті туралы айтқанда оның бай тарихи-мәдени мұрасын, әдемі табиғи ландшафтын, алуан түрлі флора мен фауна үйлесімін айрықша атап өтуге болады. Жазғы демалыс қарсаңында ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облысының туристерге не ұсынатынын сараптап көрді.
23.05.2023 14:27 ЮНЕСКО-ның Мәдени мұралар тізіміне тағы 6 нысан енгізіледі – министр АСТАНА. ҚазАқпарат – 2025 жылға қарай ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне тағы 6 нысан енгізіледі. Бұл жайында еліміздің Мәдени саясатының тұжырымдамасын таныстырған Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.04.2023 19:27 Мемлекеттік кеңесші Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің мәселелері жөнінде кеңес өткізді ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссия шеңберінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесін сақтау және оның техникалық ахуалы жөнінде кеңес өткізді. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
23.03.2023 09:30 Бұл Боливия, Швейцария, Дубай емес: Қазақстанның көрікті жерлерінің видеосы жарияланды АСТАНА. ҚазАқпарат – Отандық танымал видеограф Талғат Бекмағамбетов еліміздің ең көрікті жерлері таспаланған роликтер жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.06.2022 09:44 Қазақстан Германиядағы ең ірі туризм көрмесінде таныстырылды МАЙНДАҒЫ ФРАНКФУРТ. ҚазАқпарат – Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «IMEX Frankfurt» іскерлік туризмнің ең ауқымды халықаралық көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
31.05.2022 14:11 Қарағанды облысында Ахмет Байтұрсынұлы сабақ берген мектеп жөнделіп жатыр ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының Ақтерек ауылында Ахмет Байтұрсынұлы сабақ берген мектеп жөнделуде. Сондай-ақ әдебиетшінің оқу сыныбы жабдықталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.05.2022 13:35 Созақта қола дәуірінен сақталған құнды ескерткіштер бар ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Созақ ауданында қола дәуірінен бері сақталып келіп жатқан 3500 таңбалы тас бар. Тау ішінде орналасқан петроглифтер ашық аспан астында орналасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.03.2022 13:20 «Таңбалы тас» қорық-музейінің өкілдері туристің шағымына жауап берді АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Таңбалы тас» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық музейіне келген туристі кіру үшін алынатын ақы мен қойылған қоршау таңғалдырды. Сонымен қатар ол жұмыс істемейтін әжетханаға шағымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.02.2022 00:11 Ақтөбеде Ер Едіге мен Исатай батыр жерленген жерді анықтау үшін зерттеу жалғасады АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында Ер Едіге мен Исатай Тайманұлы жерленген жерді анықтау үшін былтыр зерттеу басталды. Биыл бұл жұмыс жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.01.2022 10:29 Қажымұқанға татар қызы тарту еткен сүлгі Темірланда сақтаулы тұр ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Күш атасы Қажымұқанға татар қызының тарту еткен сүлгісі Түркістан облысының Темірлан ауылында сақтаулы тұр. Палуанға ғашық болған бойжеткен кесте тігіп, үлкен матаға суретін салған екен. Қаншама жылдар бойы сақталып келген сүлгі бүгінде түтігіп, жіптері сөгіле бастаған. Сондықтан ағайындар ақылдаса келе құнды жәдігердің мұражайда сақталғанын жөн деп тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
07.12.2021 22:52 ҚазАқпарат тілшісі киелі жерлер туралы деректі фильм түсіруге ұйытқы болды АТЫРАУ. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат тілшісі Атырау облысының аумағында әлі де толық зерттелмеген тарихи, мәдени мақсаттағы киелі жерлер туралы деректі фильм түсіруге ұйытқы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
24.11.2021 03:10 Ақтөбеде көне тарихи ескерткіштерді зерттеу жұмысы жалғасады АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде келер жылы тарихи ескерткіштерді зерттеу жұмысы жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
09.11.2021 19:18 QazaqGeography тарихи-мәдени және табиғи мұраны сақтауға бағытталған жоспарын таныстырды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігі тарихи-мәдени және табиғи мұраны сақтау идеясын одан әрі дамытуға арналған жаңа ұсыныстарын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
05.10.2021 21:14 Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: «Egemen Qazaqstan» газетінің «Атамекен» экспедициясы мәресіне жетті АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында басталған «Egemen Qazaqstan» газетінің «Атамекен» экспедициясы Алматыда өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.10.2021 00:53 Едіге мен Исатай Тайманұлының жерленген жерін анықтауға генетикалық зерттеу жүргізілуде АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Едіге мен Исатай Тайманұлының жерленген орнын анықтау мақсатында этнологиялық экспедиция, генетикалық зерттеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.08.2021 12:32 Ақтөбеде сармат дәуірінің қорымынан алтын жалатылған семсер табылды АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – «Ақтөбе облысының киелі жерлер географиясы» жобасы аясында қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Археологтар ерте темір дәуірі, яғни, сарматтар өмір сүрген кезеңге тән қорымды зерттеп, бірнеше құнды жәрігер тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.07.2021 19:54 ШҚО-дағы Ақбауыр шатқалынан сақ металлургиясының іздері табылды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Археолог Зейнолла Самашев бастаған зерттеушілер Шығыс Қазақстанның Ақбауыр шатқалынан сақ заманынан бері сақталған металлургиялық жәдігерлерді тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
13.07.2021 21:52 Зайсанда «Шілікті» сапар орталығы салынады ЗАЙСАН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында «Шілікті» сапар орталығы салынады. Бұл туралы ҚазАқпарат Берел қорық музейіне сілтеме жасап хабарлайды.