Қазақстанның киберқауіпсіздігі үшін қандай қадамдар жасалып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев еліміздің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барлық мемлекеттік органдар цифрлық рельске көшіп жатқан кезде киберқауіпсізідк жайлы ұмытуға да болмайды. Осы ретте киберқауіпсіздік - ақпараттық қауіпсіздік ең маңызды аспектілерінің бірі болып отыр. Қауіпсіздікті мемлекеттік органдардың бәрімен бірлесе отырып, қамтамасыз етуіміз керек», - деді ол «KADEX-2018» V халықаралық көрмесі аясында өтіп жатқан ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша конференцияда.

Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы елімізде белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар, экономиканы цифрлық жүйеге енгізу жолында киберқауіпсіздік мәселесін шетке ысырып қоюға болмайды.

«Осыған байланысты «Киберқалқан» атты тиісті тұжырымдама бекітілді. Бірқатар шаралар легі іске асырылуда. Ең бірінші кезекте, мен тиісті органның - «Ақпараттық қауіпсіздік бойынша комитеттің» құрылғанын атап өткім келеді. Сонымен қатар, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Ұлттық үйлестіру орталығы құрылып, оған да біршама міндеттер жүктелуде. Сондай-ақ, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бізге ақылды адамдар, мамандар керек. Осыған орай, біз бастамалы түрде бастауыш сыныптарда біздің балаларға ІТ-бағдарламалау дағдыларын, роботтық техниканы меңгеруін жолға қойдық», - дейді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша ЖОО-ларда бағдарлама түбірімен өзгертілген. ЖОО-ларда ақпараттық қауіпсіздік бойынша алты бірдей лаборатория, сонымен қатар министрлікке қарайтын тағы 3 лаборотория құрылған.

Еске сала кетсек, кеше Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «KADEX-2018» V халықаралық көрмесі ашылған болатын. Көрме 26 мамырға дейін жалғасады. 

Соңғы жаңалықтар