Қазақстанның киберқалқаны 2,5 млрд шабуылға тойтарыс берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылы еліміздің бүкіл инфрақұрылымына шамамен 2,5 млрд шабуыл жасалды. Бұл туралы бүгін ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Руслан Әбдіқалықов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылы еліміздің бүкіл инфрақұрылымына шамамен 2,5 млрд шабуыл жасалды. Елімізде электронды шекара бар. Ол киберқалқанның бір элементі. Өздеріңізде білесіздер, 2018 жылы Ақпараттық қауіпсіздік бойынша ұлттық үйлестіру орталығы құрылды. Әдеттегідей негізгі соққыны сол қабылдап отыр. Осынау үлкен қалқан 2,5 млрд шабуылға тойтарыс берді. Бұл сан жылдан-жылға геометриялық прогрессиямен артып келеді. Біз мұнымен айналыса бастаған кездегі шабуылдан 100 мыңдап саналатын. Сол кезде бұл өте көп көрінген еді», - деді ол Trend Micro Incorporated пен T&T Security компаниялары арасында келісімге қол қою рәсімінде.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта Қазақстан үшін 2,5 млрд кибершабуыл қорқынышты емес.

«Біріншіден, бұл жалпыәлемдік тренд. Екінші, сәтті жүзеге асырылған шабуыл жоқ. Қорғаныс мұнан да көп шабуылға тойтарыс бере алады. Электронды Үкіметтің инфрақұрылымына 2,7 млн шабуыл жасалды. Бұл үлкен қалған арқылы өтіп кеткен шабуылдар. Мәселен, сенің үлкен ауың болса, онда үлкен балық ұстайсың. Қалай болғанда да аудың торларынан кішкентай балықтар шығып кетеді. Бұлар да кішкентай мақсатты шабуылдар болды. Олар өтіп кеткенімен екінші деңгейде тойтарылды. Өткен жылы Ұлттық ақпараттық технологиялар орталығының базасында Жедел ақпаратық қауіпсіздік орталығы құрылды. Дәл осы орталық электронды Үкіметке бағытталған 2,7 млн шабуылды тойтарды. Дегенмен, үлкен қалқан болмағанда кішкентай шабуылдармен не болатындығы белгісіз», - деді ол.



Соңғы жаңалықтар