Қазақстанның қай өңірлерінде жасөспірімдер қылмысы өршіп тұр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі балалар мен жасөспірімдер қылмысы туралы санайғақтарды жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде кәмелет жасына толмаған 5 мыңнан астам қазақстандық есепте тұр. Жасөспірімдер арасындағы қылмыс Алматыда - 33,5%, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Астанада - 18%, Ақмола мен Ақтөбе облыстарында - 11%, Түркістан облысында - 7,8% көбейген. Арты өлімге ұласқан мектеп оқушыларының төбелесін, бірін-бірі кемсітуін бүкіл ел көрді. Бір ғана Ақтөбе облысында үш оқиға тіркелді, Шымкент колледжінің студент қыздары оқушы қыздарды тонағаны үшін ұсталды, Түркістан облысындағы балалар сыныптасын қатігездікпен сабаған. Өткен жылы бұл облыста 20 балалан ақша жинаған жасөспірім ұсталды, балалардың біреуі өзіне қол жұмсаған. Қарағандыда пиццериядағы орынға таласқан балалар төбелес шығарған», - деді Балалар құқығын қорғау бойынша ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Раиса Шер ҚР БҒМ алқасының кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынша, 2018 жылы балаларға қатысты қылмыстар саны екі мыңнан асты. Түркістан (207), Ақтөбе (187), Солтүстік Қазақстан (59) облыстарында және Шымкент (2017 жылы - 122, 2018 жылы - 166), Астана (2017 жылы - 72, 2018 жылы - 84) қалаларында балаларға қатысты қылмыстың өршуі байқалады.

«Өткен жылы Президент тапсырмасымен балалардың әл-ауқаты индексі жүргізілді. Ең төменгі индекстер Қостанай (0,60%), Ақмола (0,65%) және Алматы (0,68%) облыстарында тіркелген. Ал қауіпсіздік индексі жалпы Қазақстан бойынша 0,7 процентті көрсеткен», - деді кеңесші.

Министрлік келтірген деректерге сәйкес, бүгінде білім беру ұйымдарында екі мыңнан астам мектеп инспекторы мен 7 мыңнан астам психолог жұмыс істейді. Одан бөлек, 4 мыңға жуық әлеуметтік педагог бар.

Соңғы жаңалықтар