Қазақстанның қай өңірлерінде қоғамдық кеңес белсенді әрі тиімді жұмыс істейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев қоғамдық кеңесі белсенді жұмыс істеп жатқан өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарапшының айтуынша, бүгінде қоғамдық кеңестердің жұмысынан мәлімет беретін kazkenes.kz порталы іске қосылған.

«Бұл портал қалың жұртшылықтың, бірінші кезекте – журналистердің отырыс хаттамаларына және түрлі деңгейлерде қаралатын мәселелерге қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Ол ресурс қоғам мен БАҚ-тың алдында маңызды және сенімді ақпарат көзіне айналуы үшін біраз уақыт қажет», - деді Рахым Ошақбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Оның сөзіне қарағанда, порталдың мазмұнды болуы қоғамдық кеңес хатшыларының, мүшелерінің белсенділігіне байланысты болмақ.

«Осы институтты дамытудың келесі кезеңі ретінде кем дегенде жыл сайын немесе тоқсан сайын ең белсенді ғана емес, бүкіл республиканы қамтитын үлкен жиналыстар, тренингтер өткізу маңызды... Қазір біз гиперактивті қоғамдық кеңестердің болуына байланысты теңгерімсіздік көріп отырмыз. Мысалы, Алматы қаласының қоғамдық кеңестері сондағы мәселелерді шешуде тіпті мәслихаттан да ықпалды әрі тиімді жұмыс істеп отыр деп айтуға болады, Қарағандыны да мысал ретінде алуға болады» - деді сарапшы.


Соңғы жаңалықтар