Қазақстанның қай өңірлері «сары» аймақта тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда 8 наурыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Павлодар облыстары «сары аймақта» тұр.

Ал қалған өңірлер «жасыл аймақта».

Еске сала кетсек, Қазақстанға шет елдерден ПТР анықтамасынсыз 984 жолаушы ұшып келген. Елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққан 238 адамның жағдайы ауыр. 6 наурыздағы мәлімет бойынша коронавирус инфекциясынан жеті адам көз жұмған. Коронавирус белгісі бар пневмониядан төрт науқас қайтыс болған.


Соңғы жаңалықтар