Қазақстанның қай өңірінде жалақы жоғары

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 231 мың теңгені құрайды. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021 жылғы І тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 230 829 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2020 жылғы тиісті тоқсанына 115,2%, ал нақты жалақы индексі 107,4% құрады.

Салалар бойынша ең үлкен атаулы жалақы:

- тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында – 509,8 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,2 есе жоғары);

-қаржы және сақтандыру қызметінде – 420,8 мың теңге
(1,8 есеге асты);

- кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 345,7 мың теңге (1,5 есеге асты);

- ақпарат және байланыс саласында – 328,1 мың теңге (1,4 есеге сәйкес).

Ең төменгі атаулы жалақы:

- ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде – 116,1 мың теңге;

- сувмен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметінде -141,8 мың теңге.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы орташа айлық жалақы Атырау облысында – 405,8 мың теңге. Бұл, орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есе жоғары. Одан кейінгі орындарда Маңғыстау облысы (344 329 теңге), Нұр-Сұлтан (307 546 теңге) және Алматы (268 463 теңге) қалалары тұр.

Ең төменгі еңбекақы Солтүстік Қазақстан облысында - 166,7 мың теңге. Бұл, орташа деңгейден 27,8% төмен. Одан кейінгі орында Шымкент қаласы (175 858 теңге), Жамбыл (176 884 теңге) және Түркістан (178 479 теңге) облыстары орналасқан.




Соңғы жаңалықтар