Қазақстанның қай қалаларында ауа сапасы нашарлайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі, 8 қараша күні метеорологиялық жағдайлар еліміздің екі қаласының атмосферасында ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, метеорологиялық жағдайлар Ақтау және Атырау қаласында ауаға зиянды заттар шоғырлануына ықпал етеді. Ал қалған қалаларда метеорологиялық жағдай жағымды болады.  

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 

Соңғы жаңалықтар