Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде елорданы Сарыарқаның орталығына көшіру үлкен рөл ойнады - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде елорданы Сарыарқаның орталығына көшіру үлкен рөл ойнады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«90-шы жылдардың басында танымал саясаткерлер мен саясаттанушылар демографиялық ерекшеліктер мен Қазақстан шекарасының реттелмегендігіне байланысты еліміздің тез арада күйрейтіндігін болжаған еді»,- деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы 90-шы жылдардың ортасында еліміз шекарасын заңды түрде рәсімдеу жұмысын бастап, оны делимитациялау және демаркациялау жұмысын аяқтағандығын атап өтті.

«Бұл жетістік мемлекетіміздің қауіпсіз қызмет етуі үшін стратегиялық маңызға ие болды. Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, оның геосаяси позициясын нығайтуда елорданы Сарыарқаның орталығына көшіру үлкен рөл ойнады. Бұл шешімді шетелде де, еліміздің ішінде де стратегиялық көрегенділік деп мойындайды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, партия съезіндегі Мемлекет басшысының сөйлеген сөзі ҚР Президенті баспасөз қызметінің Twitter -дегі парақшасында жариялануда.




Соңғы жаңалықтар