Қазақстанның Каспий арқылы жүк тасымалдау үлесі 40 пайызға жетіп қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Каспий теңізіндегі жүк тасымалдау үлесі шамамен 37 пайызды құрайды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру мәселелері жөнінде баяндаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Су көлігі саласында Құрық портын дамыту шаралары жүзеге асты. Қуаттылығы 4 млн тонна болатын темір жол терминалы және биыл қуаты 2 млн тонна болатын автомобиль байланысы іске қосылды. Нәтижесінде, Ақтау мен Құрық порттарының өткізу қабілеті 19,5 млн тоннадан 25,5 млн тоннаға дейін артты»,-  деді Жеңіс Қасымбек.

Министрдің дерегінше, қазіргі уақытта Құрық портының жаңа паромдық терминалдары арқылы халықаралық Транскаспий бағытында 23 мыңнан астам вагон мен автокөліктер немесе шамамен 3 млн тонна жүк тасымалданған.

«Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Каспий теңізіндегі жүк тасымалдау үлесі шамамен 37 пайызды құрайды»,-  деді ол.

Соңғы жаңалықтар