Қазақстанның қаржы секторы болашақта барынша орнықты дамиды

None
None
АЛМАТЫ. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстан қаржы секторының даму алдағы уақытта 2007 жылға дейінгі жоғары қарқында болмайды.

Бұл жайлы Халықаралық валюта қорының Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдері бойынша департаменті директорының орынбасары Дэвид Оуэн бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.

"Қазақстанның қаржы секторы 2007 жылға дейін шынында да өте жылдам өсті. Бұл негізінен сыртқы заем арқылы қаржыландырудың есебінен жүзеге асты. Қазір біз одан туындаған мәселелерді көріп отырмыз. Әйтсе де болашақта қаржы секторының дамуы қарқыны сондай жоғары болмаса да барынша орнықты және мықты болады", - дейді Дэвид Оуэн.

Халықаралық валюта қорының Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдері бойынша департаменті директоры орынбасарының сөзіне қарағанда, Қазақстаннын қаржы секторының дамуында 2007 жылға дейінгі ауқымды өсім енді қайталанбайды. Орнықты даму үшін енді ішкі қаржыландыру көздерін өркендетуге көбірек көңіл бөлу қажет. Бұл сәтті жүзеге асатын болады. Өзге қаржы нарықтары ішкі облигацияларды дамыту өте маңызды деп санайды. Бұл ақша-несие саясатын нығайта түседі.

Соңғы жаңалықтар