Қазақстанның Қаржы министрі Бейжіңдегі әріптесімен кездесті

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 27-28 сәуірде қытай тарапының шақыртуымен ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Бейжіге ресми сапармен барды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің Қытайдағы меншікті тілшісі.

ҚХР-ның Қаржы министрі Лю Кунмен кездесуі барысында екі елдің қазіргі экономикалық жағдайы, «Бір белдеу, бір бағыт» бастамасының аясындағы бірлескен қимылдар, «Нұрлы жол» бағдарламасы, қаржы нарықтарының қызметі мен олар көрсететін қызмет түрлері, сондай-ақ «Астана» Халықаралық қаржы орталығының жағдайы сөз болды.

nullБақыт Сұлтанов «Бір белдеу, бір бағыт» және «Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында белсенді инвестициялық ынтымақтастық орнап, ірі жобаларды жүзеге асыруға инвестициялар тартылып жатқанын айтты.

nullТараптар жақын болашақта өзара түсіністік пен ынтымақтастық жөнінде ведомствоаралық меморандум жасауға келісті.

nullБейжіге сапары аясында Бақыт Сұлтанов ҚХР-ның Құнды қағаздарды реттеу жөніндегі комиссия төрағасы Лю Шиюмен және Бас кеден басқармасының басшысы Ни Йефэнмен және ҚХР-дың «Эксим банкінің» вице-президенті Сунь Пинмен келіссөздер жүргізді.

Соңғы жаңалықтар