Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскери үшсайыс чемпиондары анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының базасында әскери үшсайыстан Қарулы Күштердің чемпионаты өтті, деп хабарлайды «Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасының баспасөз қызметі.

Дүбірлі додаға Қазақстанның барлық аймағынан 17 әскери қызметші құрамасы қатысты.

Жарыстың бірінші күнінде жекелеген және командалық есептің біріншілігінде қызу тартыс болды. Әскери спортшылар гранатаны қашықтыққа лақтырудан сайысқа түсіп, ату жаттығуларын орындады. Жалпы әскери жаттығулар кешенінде 400 метр қашықтыққа жүгіруден кедергілер жолағын өткерді.

Сайыстың қорытындысы бойынша алтын медаль – «Батыс» Өңірлік қолбасшылығына, күміс жүлде – «Шығыс» Өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілеріне табыс етілсе, Құрлық Әскерлері Әскери институты үштіктің қатарынан көрінді.

Жекелеген есепте Қарулы Күштер чемпионы атағы 3662 ұпай көрсеткішпен ефрейтор Нұржан Ескендірге берілді. Ол сайыста 600 грамм салмақты гранатаны 74 метр қашықтыққа лақтырды. Бұл чемпионаттың барысындағы рекордтық көрсеткіш. Сондай-ақ жарысқа қатысушы басқа тоғыз әскери қызметшімен бірге «әскери спорттық үшсайыстың шебері» бойынша норматив орындады.

Аталмыш жарыстарды өткізудің негізгі мақсаты әскери қызметтің ерекшелігін ескере отырып, жеңіске деген ұмтылыс пен жоғарғы нәтижеге қол жеткізу сынды маңызды қасиеттерді дамыту, әскери қызметшілердің дене даярлығын жетілдіру болып табылады.

Соңғы жаңалықтар