Қазақстанның ІТ жетістіктері Португалияда көрсетілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Португалия астанасы Лиссабонда Қазақстанның ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласындағы жетістіктерін көрсетілетін тренд жұмысын бастады. Бұл шара WebSummit-2017 конференциясы аясында өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақтелекомның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған компанияның фейсбуктегі ресми парақшасында хабарланғандай, кеше басталған жаһандық шарада төрт күн бойы әлемнің ірі технологиялық компанияларының өкілдері, түрлі елдердің министрліктері мен кеңселерінің басшылары, ірі инвесторлар, қоғам қайраткерлері және көптеген өзге де мамандар кездесулер өткізіп, әлемдік қоғамдастыққа технология саласындағы жаңалықтарды ұсынып, өзекті трендтерді талқылайды.

Web Summit 2017 бағдарламасына биыл 21 конференция еніп отыр. Олардың арасында MoneyConf (қаржы), Future People (жақын болашақ технологиялары), AutoTech (автомобиль саласы), Modum (сұлулық және фэшн), PandaConf (маркетинг), MusicNotes (музыка), TalkRobot (роботтар) секциялары көптің назарын тартып отыр.

Веб-саммитке 170 елден келген 60 мыңнан астам өкіл қатысып жатыр, 1000-нан астам спикер баяндама жасайды. Олардың арасында «Intel» басшысы Брайан Кржанич, «Oracle» корпорациясы директорлар кеңесінің теңдиректоры әрі мүшесі Марк Херд және «Microsoft» президенті Брэд Смит бар.

Соңғы жаңалықтар