Қазақстанның IT мамандары үшін Ресейдің барлық есігі ашық - Дмитрий Медведев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ресей Үкіметінің басшысы Дмитрий Медведев қазақстандық IT мамандар үшін Ресейдің барлық есігі ашық екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сіз аша алатын барлық есікті ашып беруге дайынбыз», - деді Дмитрий Медведев журналистермен кездесуде «Атамекен» ҰКП IT кеңесінің төрағасы Мирус Құрмашевтің сұрағына жауап бере келе.
Сондай-ақ, Ресей Үкіметінің басшысы, ЕАЭО аясындағы IT нарығының аясы тар екенін назар аудартып, жаңа IT-компании компаниялар құруға шақырды.
«Достастық елдерінен IT индустрия өкілдерінің Ресейге келгенін біз құптаймыз, сонымен қатар, бізде ғана емес, олардың ЕАЭО аясында жұмыс істегені де керек. Себебі біздің нарығымыз ортақ. Олар әзірлеген өнімді кез келген мемлекетте қолдануға мүмкіндік бар», - деді ол.
Айта кетейік, бүгін Алматыда Еуразиялық Экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының қатысуымен үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтті.
- Ақмолада із-түзсіз жоғалған 16 жасар қыз Алматыдан табылды
- Алматыда Серке Қожамқұлов туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті
- Биыл Нұр-Сұлтанда бес мұғалім туберкулезге шалдыққан
- «Іле Алатауы» паркіндегі шыршалар күні-түні күзетіледі
-
Профессор Болат Хабижанұлы «Алтын дәрігер» медалімен марапатталды
-
ЖЭО-2 немесе автокөлік: қаланы қайсысы көбірек ластайды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам