Қазақстанның IT-мамандары Smart Turkistan құрылысының кірпішін қалады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан қаласында Түркістан облысын цифрландыру бойынша «Smart Turkistan» атты форумы өтті. Басқосуға 120-дан аса қазақстандық ІТ-қауымдастық өкілдері мен облыс тұрғындары, жергілікті атқарушы органдары мен жоғары оқу орындарының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен ұлттық компаниялар, ғылыми-зерттеу институттары мен бизнес қауымдастықтар қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Форум аясында Қазақстанның IT-мамандары ақылды қаланы құру үшін инновациялық идеяларды қосып қана қоймай, бір сөзбен айтқанда Түркістанның құрылысына кірпіш қалады.
«Біз қала тұрғындары үшін ыңғайлы және қолжетімді инфрақұрылымды жасайтын, ақылды қаланы құру мен басқару идеяларын талқылайтын нысанға келдік, және бізге осы жерде өзімізге құрылыста кірпіш қалауымызды ұсынды. Бұл күтпеген жайт, алайда өте әсерлі болды», - деді шараға қатысушы Олжас Тұрғамбекұлы.
«Smart Turkistan» форумында цифрландыру бойынша Түркістан облысының даму тұжырымдамасы мен қызмет көрсету үлгісін таныстырды. Мемлекеттік-жеке серіктестік және т.б. өзара қарым-қатынастың тиімді үлгісі ретінде Vendor Management Office (VMO) арқылы АКТ - шешімдерді жеткізушілермен жұмыс істеудің ашықтығын енгізудің жобасын көрсетті. Сондай-ақ, елімізде алғаш рет мемлекет пен жеткізушілер үшін өз сұрауларын жасау мен қалыптастыру үрдісінде тұрғындарды белсенді түрде тартуды болжайтын, мемлекетті басқаруда адамға бағдарланған тәсілді енгізу бойынша жаңа үлгі таныстырылды.
Бұдайн кейін қатысушылар денсаулық сақтау мен білім беру, әлеуметтік бағыт пен көлік және қауіпсіздік салалары бойынша пікірталас өткізді. Онда урбанистика мен мәдениет, дін және туризм, мемлекеттік басқару мен ТҮКШ, ауыл шаруашылығы мен ақпараттық технологиялар, телебайланыстар жөнінде ұсыныстарын ортаға салды.

Соңғы жаңалықтар