Қазақстанның ХҚО-лары бірыңғай жұмыс кестесіне көшті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 6 тамыздан бастап, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы «түнгі» үш Халыққа қызмет көрсету орталықтары қалыпты режімге ауысады. Олар енді дүйсенбі мен жұма аралығында таңғы 09.00-ден кешкі 20.00-ге дейін үзіліссіз жұмыс жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.

Еске салайық, 24.00-ге дейін сынақ режімде жұмыс жасайтын фронт-кеңселер Астана қаласының №2 Есіл аудандық бөлімінде, Алматы қаласының №1 Әуезов аудандық бөлімде және Шымкент қаласының №5 бөлімінде жұмыс жасаған еді. 

Соңғы жаңалықтар