Қазақстанның халықаралық резервтері жыл басынан бері 1,5%-ға қысқарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы қыркүйекте Қазақстанның халықаралық резервтері шілде айымен салыстырғанда 1,34%-ға, жыл басынан бері 1,53%-ға азайып, 89,363 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанның жалпы халықаралық резервтері қыркүйекте 0,29%-ға азайып (қаңтар-қыркүйекте 10,22%-ға көбейген), 32,548 млрд долларды құраған. Соның ішінде таза халықаралық резервтер көлемі  0,26%-ға (+10,47%), 32,034 млрд долларға дейін қысқарған. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтер көлемі 1,94%-ға (-7,19%) қысқарып, 56,815 млрд долларды құраған.

Соңғы айда 0,36%-ға төмендеген (жыл басынан бергі өсімі - 3,34%) еркін конвертацияланатын валютадағы активтер көлемі 20,577 млрд долларды құрады. Алтын активтер көлемі 0,18%-ға (+24,48%), 11,971 млрд долларға дейін қысқарды.

Соңғы жаңалықтар