Қазақстанның халықаралық резервтері қысқарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылғы ақпанда Қазақстанның халықаралық резервтері қаңтар айымен салыстырғанда 0,68%, 2018 жылғы желтоқсанға қарағанда 0,48% азайып, 88,217 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес, Қазақстанның жалпы халықаралық резервтерінің көлемі ақпан айында 4,61% (жыл басынан бері - 5,68%) - 29,171 млрд долларға дейін, соның ішінде таза халықаралық резервтер көлемі 4,68% (-5,78%), 28,68 млрд долларға дейін азайған.

ҚР Ұлттық қорының активтері 1,37% (+2,3%) азайып, 59,046 млрд долларды құрады. Еркін конвертацияланатын валютадағы активтер көлемі өткен айда 10,1% (былтырғы желтоқсаннан бері - 15,41%) қысқарып, 13,988 млрд долларды, ал алтындағы активтер көлемі 1,08% (+5,5%) өсіп, 15,183 млрд долларды құрады.

Автор: Асхат Ахметбеков

Соңғы жаңалықтар