Қазақстанның халықаралық резервтері 94 млрд АҚШ долларын құрады

None
Фото: t.me/aqorda_resmi
АСТАНА. ҚазАқпарат – Былтырдың басынан бері Ұлттық қордың активтері 3 млрд долларға өсті. Бұл туралы елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның халықаралық резервтері 94 млрд АҚШ долларын құрады. Атап айтқанда, былтырдың басынан бері Ұлттық қордың активтері 3 млрд долларға өсіп, 58 млрд долларға жетті», - деді Ә. Смсайылов.

Премьер-Министр халықаралық рейтингтік агенттіктер Қазақстанның инвестициялық рейтингін сенімділік деңгейінде растағанын, ал Standard&Poor's агенттігі биылғы наурыз айында экономикамызға қатысты өз болжамын жақсартқанын айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан экономикасының өсуі осы жылдың I тоқсанында 4,9%-ды құрады.


Соңғы жаңалықтар