Қазақстанның халықаралық резервтері 88,2 млрд. АҚШ долларын құрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның халықаралық резервтері 88,2 млрд. АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.

Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, инвестициялар қарқынының өсімі 4,2% құрады. 2019 жылдың екі айының қорытындысы бойынша инвестициялар динамикасында оң қарқын байқалып отыр. Айталық, өткен айда төмендеу байқалса, онда есептік кезеңде олардың өсімі 4,2%-ды құрады.

Сонымен қатар, биылғы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша елдің халықаралық резервтері 88,2 млрд. АҚШ долларын құрады. Оның ішінде алтын-валюта резервтері - 29,2 млрд. АҚШ долл. және Ұлттық қор активтері - 59 млрд. АҚШ долл болды.

Соңғы жаңалықтар