Қазақстанның халықаралық резерві 94,4 млрд долларға жетті
2021 жылғы 26 қаңтар 12:05

Қазақстанның халықаралық резерві 94,4 млрд долларға жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның халықаралық резерві 94,4 млрд долларға жетті. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік бюджеттің кірісі трансферттерді есепке алмағанда 9 трлн 751 млрд теңге сомасында орындалды, бұл жоспарға қатысты көрсеткіш - 102,7 пайыз. Республикалық бюджеттің кірісі трансферттерді есептемегенде жоспарға қатысты - 100,3, ал жергілікті бюджеттер 108 пайыз орындалды. Халықаралық резерв 94,4 млрд долларға жетті, алтын-валюта резерві - 23,2 пайызға, яғни 35,7 млрд долларға дейін ұлғайды»,- деді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, ұлттық қордың шетелдік валютадағы активі 58,7 млрд долларды құрады.

«Сыртқы сауда айналымы 11 айдың қорытындысы бойынша 77,7 млрд долларды құрады, оның ішінде экспорт – 43,4 және импорт – 34,4 млрд доллар. Соның арқасында сыртқы сауданың оң сальдосы 9 млрд. доллар деңгейінде сақталды», - деді Асқар Мамин.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT