27.02.2023 18:30 Қазақстан жасөспірімдерінің 3% күн сайын энергетикалық сусын ішеді – зерттеу АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп, 11, 13 және 15 жастағы оқушылардың тамақтану әдеттеріне зерттеу жүргізді. Нәтижесі «Қазақстан оқушыларының өмір салты факторлары, олардың физикалық, психикалық денсаулығы мен әл-ауқаты» ұлттық есебінде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.02.2023 18:19 ҚР Сыртқы істер министрлігі шенген визасына қатысты түсінік берді АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров шенген визасын беру кезінде қосымша консультациялар талап етілетін елдердің тізбесіне Қазақстанды енгізу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.02.2023 17:54 Сайлау-2023: Шетелде 77 дауыс беру учаскесі ашылады АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл наурыз айында өтетін сайлауға қатысты шетелде 77 дауыс беру учаскесі ашылады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.02.2023 17:30 АҚШ Мемлекеттік хатшысының Қазақстанға сапары аясында қандай мәселелер қаралады АСТАНА. ҚазАқпарат – АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Қазақстанға сапары аясында экономика, энергетика және қоршаған орта саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралады.
27.02.2023 17:23 Президент үшінші елдермен өзара саудаға қатысты заңға қол қойды АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Үшінші елдермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою тәртібі және шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
27.02.2023 11:12 Қазақстанға келе жатқан АҚШ Мемлекеттік хатшысы әуежайдан сурет жариялады АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанға алғаш жұмыс сапарымен келе жатқан АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен әуежайдан түсірілген суретін твиттерде жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
25.02.2023 13:10 АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстаннан кейін Өзбекстан мен Үндістанға барады ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен осы жылдың 28 ақпанынан 3 наурызына дейін Қазақстан, Өзбекстан және Үндістанға барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі АҚШ Мемлекеттік департаментіне сілтеме жасап.
24.02.2023 08:00 АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға алғаш рет сапармен келеді АСТАНА. қазАқпарат - АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап.
23.02.2023 19:44 Қазақстан Түркияға тағы 100 киіз үй жібереді АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматыдан Түркияға тағы 100 киіз үй жіберу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл туралы Түркия Республикасының Қазақстандағы Елшісі Уфук Экиджи бүгін елшілікте өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.02.2023 16:59 Түркия 7 елдегі, соның ішінде Қазақстандағы Елшісін ауыстырды АНКАРА. Анадолы - ҚазАқпарат – Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған 7 елдегі, соның ішінде Қазақстан, Португалия, Ұлыбритания және Ирандағы Төтенше және өкілетті елшілерін ауыстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолыға сілтеме жасап.
22.02.2023 21:50 «Pfizer» делегациясы Қазақстанға келді АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Еуропа, Азия және Африка бойынша өңірлік директоры Озгур Язиюрт бастаған «Pfizer» делегациясымен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.
21.02.2023 19:45 Қазақстан Тәжікстанға 5 мың тонна мазутты гуманитарлық көмек ретінде берді ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Қазақстанның 5 мың тонна мазутқа арналған ресми гуманитарлық көмек сертификатын Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттіктің директоры Нұрмахмад Ахмадзодаға тапсырды. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.
20.02.2023 17:31 Қазақстан делегациясы ЕҚЫҰ-ның қысқы сессиясына қатысады АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан делегациясы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Венадағы қысқы сессиясына қатысады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.02.2023 17:27 Бундестаг делегациясы Қазақстан-Германия қарым-қатынасы мәселесін талқылайды - СІМ АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміздегі Германия Бундестагының делегациясы сапармен келді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.02.2023 17:23 Түркияда із-түзсіз жоғалған қазақстандықтар туралы ақпарат түскен жоқ - Смадияров АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркиядағы жер сілкінісінен кейін із-түзсіз жоғалған Қазақстан азаматтары туралы ақпарат жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.02.2023 17:07 Оңтүстік Кореяда 3 қазақстандық жалған құжат жасау күдігімен тұтқындалды АСТАНА. ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 3 азаматы шетелдіктерге жалған құжат жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.02.2023 16:53 Түркиядағы апат аймағынан 78 отандасымыз оралды - СІМ АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркиядағы апат аймағынан 78 отандасымыз оралды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.02.2023 14:43 Ерлан Қарин Германия Парламентінің депутаттарымен кездесті АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік кеңесші Германия Парламентінің депутаттарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
20.02.2023 00:30 Қазақстан құтқарушылары Түркиядағы іздестіру-құтқару жұмыстарын аяқтады ГАЗИАНТЕП. ҚазАқпарат – Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел тобы Түркиядағы іздестіру-құтқару жұмыстарын аяқтады. Бүгін, 19 ақпанда жеке құрамның екінші тобы елге оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.02.2023 17:50 Елші мен вице-министр Түркияның СІМ басшысына Қазақстан атынан көңіл айтты АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлына Қазақстан басшылығы мен қазақ халқы атынан елде орын алған жер сілкінісінен қаза тапқандарға көңіл айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.