09.03.2023 20:37 Әзербайжанда Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының құрылысы басталды БАКУ. ҚазАқпарат – Әзербайжан Республикасының Физули қаласында әйгілі қазақ композиторы Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының іргетасы құйылды. Салтанатты шараға қатысқан аталған елдің лауазымды тұлғалары мен кешенді салатын қазақстандық компания өкілдері нысанның маңызына тоқталып, Қазақстан тарапы ұсынған бұл сый бауырлас халықтың жадында сақталатынын айтты. Осы орайда ҚазАқпарат тілшісі балаларға арналған орталықтың болашақ көрінісі мен мүмкіндігі қандай болатынын анықтап көрді.
09.03.2023 18:00 ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі елдің халықаралық қоғамдастықтағы рөлі мен жаңа сын-қатерлері туралы АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстанның әлемдегі ең беделді халықаралық ұйым – Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына 31 жыл толып отыр. Содан бері Қазақстан БҰҰ-мен ынтымақтастыққа үлкен мән беріп келеді. Еліміз тек талқылауға ғана емес, сонымен қатар жаһандық проблемаларды шешуге белсенді түрде атсалысып, күн тәртібіндегі кейбір мәселелерге бастама көтеріп жүр. 1992 жылы БҰҰ-ға кіргеннен бері еліміз өзінің міндеттемелерін адал атқарып, өзін сенімді серіктес ретінде көрсете білді.
07.03.2023 13:00 Сенатор Нұрлан Бекенов ТүркПА комиссиясының отырысына қатысты АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекенов Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының Қоршаған орта, табиғи ресурстар және денсаулық сақтау жөніндегі комиссиясының отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
07.03.2023 03:10 Түркия мен Сирияға гуманитарлық жүк жеткізген ұшқыштар марапатталды АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия мен Сирияға гуманитарлық жүктерді жеткізуге қатысқан Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Президент Жарлығымен мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
05.03.2023 19:49 Қазақстан Берген университетінің профессорын марапаттады ОСЛО. ҚазАқпарат – Ослодағы Қазақстан Елшілігінде Берген университетінің профессоры Гру Мандтқа «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
03.03.2023 19:25 Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Шымкент қаласында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
03.03.2023 15:09 Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президентімен кездесу үшін Шымкент қаласына барды АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізу үшін Шымкент қаласына келді.
03.03.2023 11:59 Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен сауда компаниясын құрды АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара тауар айналымын ұлғайту үшін «УзКазТрейд» ЖШҚ сыртқы сауда компаниясы құрылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Сауда министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
02.03.2023 20:50 Қазақстанның БҰҰ-дағы қызметі: ынтымақтастыққа 31 жыл АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 2 наурыз күні еліміздің ең беделді халықаралық ұйым – Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына 31 жыл толып отыр.
02.03.2023 19:55 Ерлан Қарин Ресейдің Мәдениет министрі Ольга Любимовамен кездесті АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Ресей Федерациясының Мәдениет министрі Ольга Любимовамен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
02.03.2023 16:13 Дәурен Абаев ТМД Бас хатшысының орынбасары болып тағайындалды АСТАНА. ҚазАқпарат – Сыртқы істер министрлігі Дәурен Абаевтың ТМД Бас хатшысының орынбасары болып тағайындалғанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
28.02.2023 19:49 АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Ресейге салынған санкциялар Қазақстанға қалай әсер ететінін айтты АСТАНА. ҚазАқпарат – «С5+1» форматындағы министрлер кездесуінен кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ресейге қарсы салынған санкциялар Қазақстанға қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.02.2023 19:37 Қазақстанда америкалық капиталмен жұмыс істейтін 590-ға жуық кәсіпорын бар – Мұхтар Тілеуберді АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда америкалық капиталдың қатысуымен 590-ға жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл туралы бүгін елордада өткен «С5+1» форматындағы министрлер кездесуінен кейін БАҚ өкілдерінің сауалына ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.02.2023 19:27 АҚШ Қасым-Жомарт Тоқаевтың батыл реформаларын қолдайды – Энтони Блинкен АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлемдік мәселелерді шешуде Қазақстанның өзіндік ерекше орны бар. Бұл туралы бүгін елордада өткен «С5+1» форматындағы министрлер кездесуінен кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.02.2023 18:44 Бейжіңде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «Қытай темір жолдары» МК басшылары кездесті АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 28 ақпанында Бейжің қаласында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «Қытай темір жолдары» МК кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
28.02.2023 16:39 Ұжымдық жігеріміздің арқасында «С5+1» форматы маңызды құралға айналды – Мұхтар Тілеуберді АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан өзінің көпвекторлы және салмақты сыртқы саясатын жалғастырады. Осы орайда «С5+1» форматы біз үшін өзекті болып отыр. Бұл туралы «С5+1» форматындағы министрлер кездесуінде ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.02.2023 16:13 Президент телерадиокешені мен «TPS» АА ынтымақтастыққа және ақпарат алмасуға уағдаласты АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін елордада Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені Израильдің «Tazpit Press Service» ақпарат агенттігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.02.2023 12:44 АҚШ Мемлекеттік хатшысы твиттерде Қазақстандағы сапарынан суреттер жариялады АСТАНА. ҚазАқпарат –АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстандағы сапарының суреттерін твиттерде жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
27.02.2023 19:20 Ербол Қарашөкеев Франциядағы ірі компаниялардың өкілдерімен кездеседі АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл 25 ақпан мен 1 наурыз аралығында ҚР Ауыл шаруышалығы министрі Ербол Қарашөкеев Франция және Бельгияда сапармен болады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.02.2023 18:45 Министрлік Түркияда дауыс беретін Қазақстан азаматтарын консулдық тіркеуге тұруға шақырды АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров алдағы сайлауда Түркияда дауыс бергісі келетін Қазақстан азаматтарын консулдық тіркеуге тұруға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.